Алматыда өзімен тапанша алып жүрген әйел ұсталды

0
127

Қазіргі уақытта полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр


Алматыда өзімен тапанша алып жүрген әйел ұсталды

фото: Пресс-служба департамента полиции на транспорте

ERNUR.KZ. Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды, деп жазады sputnik.kz.

Кешкі уақытта есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданында, Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстады. Тексеру кезінде одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылды. Қару тәркіленді.
Қазіргі уақытта полицейлер қарудың қайдан келгенін және әйелдің қолына қалай түскенін анықтап жатыр.
Әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.
Алайда бұл мәліметтің шындыққа қаншалықты сәйкес келетіндігі тексеріліп жатыр. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі.