Таксиде отырған жолаушы әйелдің кеудесіне қатты жел салдарынан құлаған ағаш кіріп кеткен.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Павлодарда қатты желден 9 адам зардап шекті. Желіде дауылдың видеосы тарады. Екібастұзда 2 адамға ағаш құлаған. Павлодарда 7 адам зардап шеккен, оның ішінде балалар да бар, деп жазады sputnik.kz.
Ақсуда таксиде отырған жолаушы әйелдің кеудесіне қатты жел салдарынан құлаған ағаш кіріп кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Екібастұз тұрғындары қатты желден бірнеше сағатқа жарықсыз қалды.