Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты

0
80

Оқиға осы жылдың шілде айында болды.


Павлодарда екі баласын терезеден лақтырып жіберген әйел ауруханадан шықты

Фото: Асхат Аманбеков

ERNUR.KZ. Павлодарда көпқабатты үйдің терезесінен екі кішкентай баласын лақтырып, артынан өзі секірген әйел ауруханадан шықты, деп жазады inbusiness.kz.

Дәрігерлер 33 жастағы әйелдің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр.

"Екі өкше сүйегіне және сол, оң жақ иық сүйектеріне остеосинтез оталары жасалды. Науқас қанағаттанарлық жағдайда ауруханадан шығарылды", - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Жаға ұстатарлық оқиға осы жылдың шілде айында болды. Әйел өз үйінің кіреберісіндегі бесінші қабаттың терезесінен 1,5 жастағы және 7 жастағы екі ұлын лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен. 1 тамыз күні 1,5 жастағы бала ауруханада көз жұмды.