Павлодарда дәрігерлер өлген адамдарды "емдеген"

0
126

Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам залал өтелді".


Павлодарда дәрігерлер өлген адамдарды

фото:Sputnik / Александр Кряжев

ERNUR.KZ. Павлодар прокурорлары медицина саласындағы жалған қызмет көрсету фактілерін анықтады, деп жазады sputnik.kz.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ-тың бюджет қаражаты мен активтерін тексеру барысында біраз былықтың беті ашылды.
"Мысалы, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да тар бейінді мамандар қайтыс болған адамдарды "қабылдаған", акушер-гинеколог дәрігер ер адамдарға "консультация берген". Емдеу қызметтерін қайталау арқылы қосарланған төлем жасау жағдайлары тіркелді", - дейді прокуратура қызметкерлері.
Сондай-ақ сертификаты мен рұқсат құжаты жоқ тұлғалардың халыққа медициналық көмек көрсеткені анықталды.
Қадағалау актілері бойынша заң бұзушылықтарды жою, рұқсат беру құжаттарын алу және кінәлі тұлғаларды заңнамада белгіленген жауаптылыққа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Қабылданған шаралар нәтижесінде 100 млн теңгеден астам залал өтелді", - деп жазылған хабарламада.
Сотта медицина саласында заңсыз кәсіпкерлік қызмет арқылы 62 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражатты жымқыру және 41 млн теңге көлемінде мемлекетке залал келтіру фактілері бойынша екі қылмыстық іс қаралып жатыр.