Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: Қаза тапқан адам бар

0
107

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіхабарлады.


Павлодар облысында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады: Қаза тапқан адам бар

Фото: Pixabay.com
ERNUR.KZ. Оқиға орнына мамандар жіберілді, деп жазады baq.kz.

Павлодар облысында Железинка ауылы маңында Ан-2 ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіхабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, әуе кемесі авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. «ЭЛИСА» бірлестігіне тиесілі ұшақ электр желілеріне тиіп кетіп, кейін апатқа ұшыраған болуы мүмкін.

Ұшақ бортында екі адам болған. Олардың бірі оқиға орнында қаза тапты. Екінші ұшқышты төтенше жағдайлар қызметінің мамандары ұшақ ішінен шығарып алған. Зардап шеккен адам есін білген.

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіавиациялық оқиғаны Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті тексеретінін мәлімдеді.