Вице-министрдің айтуынша, тараптар бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде мәдени және тарихи мұраны насихаттау, туризмді дамыту, инвестициялық әлеуетті арттыру бағытындағы ортақ жобаларды пысықтауға келісті.
Фото: unsplash
Қанат Ысқақов Түркия Президенті жанындағы Коммуникациялар басқармасының басшысы Бурханеттин Дуранмен жүздесіп, Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның сәлемін жеткізді.
Кездесу барысында тараптар қазақстандық телеарналардың Түркия аумағында хабар таратуына қатысты уағдаластыққа қол жеткізді.
Вице-министрдің айтуынша, тараптар бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыруға, соның ішінде мәдени және тарихи мұраны насихаттау, туризмді дамыту, инвестициялық әлеуетті арттыру бағытындағы ортақ жобаларды пысықтауға келісті. Бұдан бөлек, дезинформацияға қарсы іс-қимыл, ақпарат алмасуды күшейту мәселелеріне де назар аударылды.
"Ең басты мақсат – ортақ міндеттер мен түркі мемлекеттерінің біртұтас мүддесі аясында бірлескен жұмысты жалғастыру, – деді Қанат Ысқақов.


