Спикердің айтуынша, 4 кәсіпорын бойынша сот процестері толық аяқталды.
ERNUR.KZ. ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында шартты жер үлестері мәселесін шешу бағытында қол жеткізілген нақты нәтижелер туралы баяндады.
Спикердің айтуынша, 4 кәсіпорын бойынша сот процестері толық аяқталды. Оның ішінде Жамбыл облысында – 2 кәсіпорын (94 пайшы), Қызылорда облысында – 1 кәсіпорын (250 пайшы), ал Түркістан облысында 1 кәсіпорын (46 пайшы) бойынша мәселелер шешімін тапты. Қарағанды облысында 1 кәсіпорынға қатысты 35 пайшыға жерлер нақты бөлініп берілді. Қызылорда облысында бір кәсіпорынның жаңа басшысы сайланып, жұмыс барысы реттелді. Солтүстік Қазақстан облысында екі кәсіпорынның 440 пайшысына әлеуметтік көмек көрсетілді.
Сонымен қатар Түркістан облысында 1 кәсіпорынның 473 үлескеріне жер пайдалану құқығына актілер рәсімделді. Ал, Ақмола облысында 900 үлескерлердің қатысуымен үшжақты бітімгершілік келісімге қол қойылып, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге қол жеткізілді.
«Бұл шаралар жер үлестері иелерінің құқықтарын қорғауға, әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және ауылдық аумақтарда әділдік пен заңдылық қағидатын нығайтуға бағытталған», – деді АШМ өкілі.
Жер беру рәсімін жеңілдету шаралары да қолға алынды. Мәселен, 2025 жылғы 26 тамызда шаруа немесе фермер қожалықтарына уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беруге арналған конкурс өткізу қағидаларына өзгерістер енгізілді. Енді конкурстық ұсыныстар міндетті түрде алғашқы 5 жылда 1 гектарға міндетті инвестициялар көлемі, сондай-ақ техниканың, жабдықтың және малдың болуы, ауыл шаруашылығы саласындағы мамандардың біліктілігі үшін қосымша ұпайлар беріледі.
Бұл процес ашық, объективті түрде жүргізіліп, ауыл шаруашылығын дамытуға нақты бағытталады.


