Өскеменде автобус жүргізушісі жаппай жол апатына себеп болды

0
93

Оқиға салдарынан автобус Mercedes және ВАЗ-210 автокөліктерімен соқтығысқан.


Өскеменде автобус жүргізушісі жаппай жол апатына себеп болды

Сурет: куәгерлер

ERNUR.KZ. 13 қаңтарда Өскеменде автобус пен екі көлік соқтығысты, деп жазады zakon.kz.

YK-news.kz мәліметінше, апат Студенттер қалашығы ауданында болған. Автобус пен екі жеңіл көлік соқтығысқан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасына автобус жүргізушісінің қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы себеп болған.

Сонымен қатар қолайсыз ауа райы жағдайы да әсер еткен. Оқиға салдарынан автобус Mercedes және ВАЗ-210 автокөліктерімен соқтығысқан.

Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.