Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар онлайн оқуға көшірілді

0
117

Мұндай шешімді қала әкімдігі мен облыстық білім басқармасы бірлесіп қабылдаған.


Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар онлайн оқуға көшірілді

Фото: Нелли Нигматуллина / Kazinform

ERNUR.KZ. 24 қазан күні қалада ұзақ уақыт сақталған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты (ІІ дәрежелі НМУ) барлық мектептердің оқу процесі онлайн форматта өтіп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Соңғы аптада қала тұрғындары ауаның ластануына және тыныс алудың қиындауына шағымданып келеді. 22 қазан күні Өскеменді қалың "тұман" басқан, алайда кейін бұл табиғи құбылыс емес, зиянды газдардың жиналуы екені анықталған. Атмосферада күкірт диоксидінің мөлшері шамамен 3 есеге артқаны тіркелген.

Ауадағы өткір газ иісі мен түтінге байланысты көптеген ата-аналар балалардың денсаулығына алаңдап, қашықтан оқуға көшіруді талап еткен. Алғашында білім бөлімі мұндай шараны қажет деп санамағанымен, жағдайдың ушығуына байланысты шешім қабылданды.

Қазір қалада экологиялық ахуалды тұрақтандыру және ауа сапасын жақсарту мақсатында тиісті қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.