Оралда жүргізуші әдепсіз жазуы бар жалған нөмір үшін жазаланды

0
210

Ер адам әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.


Оралда жүргізуші әдепсіз жазуы бар жалған нөмір үшін жазаланды

фото: polisia.kz

ERNUR.KZ. Оралда полицейлер балағат сөзі бар жалған мемлекеттік нөмір таққан жүргізушіні жауапқа тартты, деп жазады tengrinews.kz.

Ер адам әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан кейін полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Тексеру барысында ВАЗ-21099 автокөлігінің алдыңғы жағына балағат сөзі бар жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылғаны анықталды.

Мұндай әрекеттер заңнама талаптарының сақталмағанын және айналадағыларға құрмет көрсетілмегенін білдіреді, сондай-ақ жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзады, деп атап өтті құқық қорғау органдары.

Құқық бұзушы Орал қаласының 23 жастағы тұрғыны болып шықты. Жүргізушімен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оған жол қозғалысы ережелерін сақтау және өзгелерді құрметтеу қажеттілігі туралы ескертілді. Жас жігіт заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды.

Полиция азаматтарға жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлерін пайдалануға жол берілмейтінін ескертіп, заңнама талаптарын сақтауға, айналадағыларды құрметтеуге және жол қозғалысы ережелерін бұзбауға шақырады.