Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды

0
93

Қаланың түнгі клубтарының бірінде орнатылған бейнебақылау камерасы келушіні тіркеді.


Оралда жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген азамат ұсталды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

ERNUR.KZ. Тұлғаны тану функциясымен жабдықталған бейнеаналитика жүйесі бейнені автоматты түрде іздеуде жүрген адамдардың дерекқорымен салыстырып, сәйкестікті анықтады, деп жазады zakon.kz.

Сәйкестік туралы сигнал нақты уақыт режимінде жедел басқару орталығына түсті. Араға санаулы минуттар салып, патрульдік полиция қызметкерлері ер адамның орналасқан жерін анықтап, оны ұстап, полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, азамат Ақтөбе облысы аумағында жасалған алаяқтық дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде болған.

Бүгінде технология қауіпсіздікке қызмет етуде: цифрлық бейнеаналитика полицияның жедел әрекет етуін жеделдетіп, іздестіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда.