Жер сілкінісі 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында тіркелген.
Скриншот Яндекс карта
ERNUR.KZ. Қазақстанның оңтүстігінде жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Қазақстандық деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 5 қаңтарда Астана уақытымен сағат 10:15-те Жамбыл және Алматы облыстарының шекарасында тіркелген. Жерасты дүмпулерінің ошағы Отар ауылынан солтүстікке қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 3,7 болды.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жер сілкінісінің магнитудасы 4,2 болған. Эпицентрі Қордайдан солтүстік-шығысқа қарай 88 шақырым жерде орналасқан.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 23 желтоқсанында қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.


