Нұрай Серікбайдың ісі: ІІМ тергеудің аяқталу мерзімін атады

0
130


Нұрай Серікбайдың ісі: ІІМ тергеудің аяқталу мерзімін атады

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов 2026 жылғы 4 маусымда Сенат кулуарында Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық істің тергеу барысына түсініктеме берді, деп жазады Zakon.kz.


Оның айтуынша, тергеуге қатысты барлық деректер іс аяқталғаннан кейін жария етіледі. Журналистер одан тергеудің қашан аяқталатынын нақтылап сұрады.

"Нұрайдың өлімі бойынша тергеу маусым айында аяқталады", – деді Әділов.

Еске сала кетейік, 21 жастағы студент Нұрай Серікбай 2026 жылғы 11 қаңтарда танысының қолынан пышақ жарақатынан көз жұмған. Қылмыс жасаған күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда 13 қаңтар күні полиция оның Шымкенттен 10 шақырым жерде ұсталғанын хабарлады.