Бұған дейін грант құны сәйкесінше 2 349 191 теңге және 3 247 305 теңге болған еді.
Фото: nis.edu.kz
ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрі Назарбаев зияткерлік мектептерінде дарынды балалардың оқу ақысын төлеуге арналған ҚР Президентінің «Өркен» білім грантын тағайындау қағидалары мен мөлшерін өзгерту туралы бұйрыққа қол қойды, деп жазады inform.kz.
Ереженің жаңа редакциясында бір оқушыға бюджеттен бөлінетін гранттың мөлшері өзгертілген.
Сонымен гранты құнын мынандай мөлшерде белгіленіп отыр:
— жатақханада тұру құнын есептемегендегі жылдық оқу құны — 2 190 080 теңге;
— жатақханада тұру құнын есептегендегі жылдық оқу құны — 3 053 940 теңге.
Бұған дейін грант құны сәйкесінше 2 349 191 теңге және 3 247 305 теңге болған еді.