Қазіргі таңда оқушы нейрохирургиялық бөлімде ем қабылдауда.
фото: baq.kz.
ERNUR.KZ. Дәрігерлер Назарбаев зияткерлік мектебінің терезесінен құлаған баланың жағдайы туралы айтты, деп жазады baq.kz.
Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің үшінші қабатындағы терезеден құлап кеткен оқушының жағдайы бақылауда екенін айтты. 18 жастағы зардап шегуші мамандандырылған орталыққа жеткізілген.
Науқас 19 ақпанда қалалық көпсалалы ауруханадан мамандандырылған нейрохирургиялық көмек және хирургиялық емдеуге арналған көпсалалы орталықтың нейрохирургиялық бөліміне ауыстырылды, - делінген хабарламада.
Ол қажетті емді толық көлемде алып жатыр және тексеруден өтуде, деп толықтырды басқармадағылар.


