Осыған байланысты еліміздің сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жасады.
Фото: ria.ru
ERNUR.KZ. Ведомоство Мысырға оқуға түсуге барып, қамауға алынған Қазақстан азаматтарына қатысты түсінік берді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазақстан Республикасының Мысырдағы Елшілігі қамауға алынған қазақстандықтарға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп жатыр. Жергілікті құқық қорғау органдарымен байланыс орнатып, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр. Ресми жауап келіп түскен жағдайда, қамауға алынғандардың туысқандарына тиісті ақпарат жеткізіледі", – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар ведомство Мысырда оқитын студенттер оқу визаларын алу және жаңарту кезінде бюрократиялық кедергілерге тап болатынын растады.
Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде Мысырға діни білім алуға барған Қазақстанның 15 азаматын полиция қызметкерлері пәтерден алып кеткені жөнінде ақпарат тарады. Мысырға оқуға түсуге сапарлағандар бастапқыда туристік визамен барады екен.