Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты тараған ақпараттан кейін жұрт алдына шықты

0
112

Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу журналист Гүлнар Бажкенованың ("Orda" және "Bazhkenova vs.") ресурстарында таратылған өзінің ұсталғаны туралы ақпараттан соң халық алдына шықты.


Мұрат Нұртілеу өзіне қатысты тараған ақпараттан кейін жұрт алдына шықты

Фото: Сыртқы істер министрлігі

ERNUR.KZ. Министр "Harvest Group" компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Алмаз Альсеновпен кездесу өткізді, деп жазады stan.kz.

Тараптар агро-индустриялық кластерді құру барысын талқылады. Алғашқы кезеңде инвестициялық жоба Жетісу мен Алматы облыстарын қамтып, 150 мың гектар шалғайдағы және тыңайған жерлерді суармалы ауыл шаруашылығы алқаптарына айналдыруды көздейді. Жалпы, жобаны жүзеге асыру аясында заманауи су үнемдеу жүйелерін қолдана отырып, 300 мың гектар жерді игеру жоспарланған.

Министр жобаны одан әрі ілгерілетудің маңыздылығын атап өтіп, мемлекет тарапынан қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ компанияның Қазақстанның бірқатар өңірлерінде туризм және спорт салаларында инвестициялық жобаларды іске асыру перспективалары белгіленді.

СІМ басшысы бұл жобалардың ішкі және кірме туризм үшін, сонымен қатар экономиканы әртараптандыру үшін өсу мүмкіндігіне айналу әлеуеті бар екенін баса айтты.

Айта кетейік, кеше Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарғанын жазған болатынбыз.