Министр баланың тісін емдеуге талон іздеп кеткен ата-аналардың мәселесін шешуді тапсырды

0
329

Балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмекке мемлекет тарапынан ақша бөлінеді.


Министр баланың тісін емдеуге талон іздеп кеткен ата-аналардың мәселесін шешуді тапсырды

© Sputnik / Кирилл Брага

ERNUR.KZ. Денсаулық министрі Ақмарал Әлназарова балаларына стоматологиялық қызмет талонына ата-аналардың кезегін азайтуды тапсырды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Бүгінде мектепке дейінгі жастағы балаларға және ем алуға талон алуға кезек көбейіп кетті.

"Егер ата-ана баласына стоматологиялық көмек алу үшін таңғы сағат беске келіп, кезекте тұруға мәжбүр болса, демек, жүйе жеткілікті деңгейде жұмыс істеп тұрған жоқ", – дейді Әлназарова.

Осы орайда министр балаларға көрсетілетін стоматологиялық көмекке мемлекет тарапынан ақша бөлінетінін еске салды. Сондықтан облыс әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау, білім беру басқармалары, медициналық ұйымдар және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуі керек.

"Ата-аналар әлеуметтік желілерге жүгінуге немесе шағым жазуға мәжбүр болғанша күтпеуіміз керек. Жергілікті жердегі басшылар мұндай мәселелерді азамат медициналық көмек алу кезінде кедергіге тап болғанға дейін анықтап, дер кезінде шешуі тиіс",– деп атап көрсетті министр.