Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Филипті Бельгияның Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президенттің пікірінше, бұл айтулы күн Бельгия халқының ынтымақ-бірлігін, бай тарихын, егемендік пен демократия құндылықтарын берік ұстанатынын көрсетеді.
Мемлекет басшысы Король Филиптің қызметіне табыс, ал Бельгия халқына бақ-береке тіледі.