Маңғыстау облысында автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

0
97

​Елу адам мінген көлік бүгін түнде аударылған.


Маңғыстау облысында автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы Ақтау – Бейнеу автожолында болған апаттан зардап шеккендердің жағдайы туралы ақпарат таратты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жол апатынан зардап шеккен 42 адам Бейнеу көпбейінді орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

«4 адам — жансақтауда, 13-і — травматология бөлімінде жатыр, қалғандары амбулаторлық емге жіберілді», - делінген хабарламада.

Барлық пациентке қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Жағдай тұрақты бақылауда, деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы.

Естеріңізге салайық, 16 қаңтарға қараған түні Ақтау – Бейнеу автожолында жолаушылар автобусы аударылып, 4 адам оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық іс қозғалды.