Әлеуметтік желілерде қан іздері көрінетін кадрлар тарады.
ERNUR.KZ. Маңғыстау – Алматы бағытындағы №78 пойызда төбелес шықты. Оқиғаға Түркіменстаннан келген екі билетсіз жолаушының қатысы бар, деп жазады baq.kz.
Куәгерлердің айтуынша, төбелес №9 вагонда болған. Әлеуметтік желілерде қан іздері көрінетін кадрлар тарады.
Көліктегі полиция департаменті оқиға 2 қараша күні тіркелгенін растады.
Маңғыстау – Алматы жолаушылар пойызында екі жолаушының қатысуымен төбелес болды. Құқық бұзушылар анықталып, ұсталды. Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.


