Магнитудасы 4,4: Жетісу облысында жер сілкінді

0
109

Жерасты дүмпуінің эпицентрі Жаркент маңында орналасқан.


Магнитудасы 4,4: Жетісу облысында жер сілкінді

Фото: pixabay

ERNUR.KZ. Сейсмологтар Жетісу облысында 31 наурызға қараған түні магнитудасы 4,4 болатын жер сілкінісін тіркеді, деп жазады inbusiness.kz.

Қазақстанның деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі 31 наурыз күні Астана уақытымен сағат 00:42-де болған. Жерасты дүмпулерінің ошағы Жаркент қаласынан солтүстік-батысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің магнитудасы 4,4-ті құрады. Қазақстан аумағында сезілуі туралы мәлімет тіркелмеген.