Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.
Фото: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
ERNUR.KZ. Тестілеу басталғалы 25 мыңнан астам адам магистратураға түсу үшін кешенді тест тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 46%-ы, бейінді бағыт бойынша 27%-ы шекті балл жинады, деп жазады inform.kz.
-Тестілеу басталғалы 41 қатысушының нәтижесі жойылды. Оның ішінде 31 оқуға түсуші смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өтуге тырысқаны үшін тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Кешенді тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 10 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды,-делінген хабарламада.
Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда онлайн-апелляция беруге болады. Тест тапсырушы емтихан аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Апелляция 7 жұмыс күні ішінде қарастырылады, одан соң сертификат оқуға түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет.
Естеріңізге сала кетсек, магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге 61 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Магистратурада оқуға 11 мыңға жуық грант бөлінді.


