Қызметкерлерін "рогаткамен" атқан полиция бастығы жұмыстан қуылды

0
144

Бөлімше басшысының ерсі әрекеті әлеуметтік желіде тараған болатын.


Қызметкерлерін

фото: пресс-служба МВД Казахстана

ERNUR.KZ. Абай облысы Шар қаласында қол астындағы қызметкерлерді "рогаткамен" қуған полиция басшысы жұмыстан қуылды, деп жазады sputnik.kz.

Бұған дейін әлеуметтік желіде полиция ғимаратының камераларына түсіп қалған видео тараған болатын. Онда бөлімше басшысы Дәурен Алжапаров қол астындағы қызметкерлеріне "рогаткадан" шағын темір шарлармен атқан. Ал полицейлер қашып жүр.
Абай облыстық полициясы осы оқиға бойынша тексерісті аяқтады. Оған сәйкес, Жарма ауданының Шар қалалық полиция бөлімшесінің бастығы қызметтік этика нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан босатылды.