Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жер сілкінісі болды

0
129

Жер сілкінісінің эпицентрдегі қарқындылығы шамамен 3 балл деп бағаланды.


Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында жер сілкінісі болды

Google Maps скриншоты

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп жазады tengrinews.kz.

Қырғызстан Сейсмология институтының мәліметінше, 20 тамызда Астана уақытымен сағат 22:09-да магнитудасы 3,2 болатын жерасты дүмпулері тіркелді. Ошақ тереңдігі шамамен 20 шақырымды, энергетикалық класы - 8 болды. Жер сілкінісінің эпицентрдегі қарқындылығы шамамен 3 балл деп бағаланды.

Сейсмологтар Қырғызстан аумағында жер сілкінісі сезілмегенін хабарлады. Эпицентр екі елдің шекаралас аймағында орналасқан.



Еске сала кетейік, 20 тамызға қараған түні қазақстандық сейсмологтар Қырғызстанда магнитудасы 4,2 болатын жер сілкінісін тіркеген болатын.