Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды

0
191

Кеше кешке Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірім өз бетімен төмен түсе алмай қалған.


Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды

ERNUR.KZ. Алматы қаласы маңындағы Шымбұлақ шатқалында жартаста қалып қойған үш жасөспірімді Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары аман-есен эвакуациялады, деп жазады inbusiness.kz.

"Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды. Құтқарушылар координаталар бойынша тауға көтеріліп, арнайы альпинистік құралдардың көмегімен тік жартастардан жасөспірімдерді қауіпсіз жерге түсірді", – делінген ақпаратта.

Құтқарылғандар – 2007 жылы туған екі ұл және 2008 жылы туған бір қыз. Олардың жағдайлары қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.

Кейін жасөспірімдер құтқару постына жеткізіліп, ата-аналарына тапсырылды.

Құтқарушылар таулы жерлерге шыққанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.