Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары 21 адамды эвакуациялады.
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ERNUR.KZ. Абай облысының Курчатов қаласындағы Абай көшесінде 5 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары жедел жетті. Барлау және өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері 21 адамды, оның ішінде 7 баланы эвакуациялады.
Құтқарушылардың кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрттің көрші пәтерлер мен қабаттарға таралуына жол берілмеді.
Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.