Такси жүргізушісі жауапқа тартылды.
фото: пресс-служба МВД Казахстана
ERNUR.KZ. Қостанайда 65 жастағы зейнеткер такси көлігінен құлап кетіп, басқа көліктің астына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Бұл сәт бақылау камерасына түсіп қалған.
Аталған дерек бойынша әкімшілік іс қозғалды.
"Такси жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидасын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Әйел ауруханаға жеткізілді", - деді полиция.