Қостанай облысында тұрғын үйде газ жарылды: екі адам зардап шекті

0
118

Оқиға 29 қаңтарға қараған түні болған.


Қостанай облысында тұрғын үйде газ жарылды: екі адам зардап шекті

фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

ERNUR.KZ. Қостанай облысы Арқалық қаласы Северный кентінде тұрғын үйде газ жарылып, екі адам зардап шекті, деп жазады sputnik.kz.
Оқиға 29 қаңтарға қараған түні болған.
Өрт сөндірушілер жедел жеткен. Алайда олар келгенде үйдің шатыры опырылып түскен.
"Құтқарушылар жедел жәрдем қызметі келгенше дейін үйінді астынан 1979 жылы туған ер адам және 1984 жылы туған әйел адамды алып шықты. Олар ауруханаға жатқызылды", - дейді департаментте.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті газ жабдығын қауіпсіз пайдалану ережелерін қатаң сақтауды ескертті.