Қостанай облысында аязға байланысты 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқиды

0
110

Өңірде ауа райы -25°С-қа дейін төмендеді.


Қостанай облысында аязға байланысты 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқиды

Фото: orenburg.media

ERNUR.KZ. Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желден 1-сынып оқушылары қашықтықтан оқитын болды, деп жазады inbusiness.kz.

Жергілікті білім басқармасының хабарлауынша, бірінші ауысымдағылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытуға көшті.

Бұл шектеу аталған мектептерге қатысты: №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебі.

Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді.

Қалған оқушылар әдеттегідей оқуларын жалғастырып жатыр.