Қосшыда мектеп маңында автобус өртенді

0
93

Өрттің аумағы шамамен 10 шаршы метрді құрады.


Қосшыда мектеп маңында автобус өртенді

ERNUR.KZ. Бүгін Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусы өртенді. Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаны растады, деп жазады baq.kz.

Өрттің аумағы шамамен 10 шаршы метрді құрады. Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.