Кореяда 20 жастағы қазақстандық үйіне қайту үшін мейрамхананы тонаған

0
75

Жігіт 2024 жылы жұмыс істеу мақсатында Кореяға келген және құрылыс алаңдарында күндік жұмысшы болған.


Кореяда 20 жастағы қазақстандық үйіне қайту үшін мейрамхананы тонаған

фото: видеодан скрин

ERNUR.KZ. Оңтүстік Кореяда 20 жастағы қазақстандық мейрамхананы тонап, ұрланған ақшаға елге оралмақ болған. Алайда оны полиция ұстады, деп жазады tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, шамамен 20 жастағы қазақстандық А. жұмыс күні басталғанға дейін бос тұрған мейрамханаға кіріп, одан 490 000 вон (191 мың теңге) қолма-қол ақшаны ұрлаған. Кейін ол ұсталып, қамауға алынған.

"Таңғы сағат 9:10 шамасында А. мейрамханаға терезеден кіріп, мейрамханадағы сейфтен 420 000 вон және тұрмысы төмен топтарға арналған қайырымдылық жәшіктен 60 000–70 000 вон қолма-қол ақшаны ұрлаған", – делінген басылым сайтында.

Осы сәтте мейрамхана иесі келіп, жігітті байқап қалып айғай салған. Мекеме иесі соңынан қуа жөнеліп, дәл сол мезетте патрульдік көлікті байқап қалады. Полицейлер бұзақыны жылдам ұстап: біреуі артынан жүгірсе, екіншісі көлігімен қашу жолын бөгеген.

"2024 жылы А. жұмыс істеу мақсатында Кореяға келген және құрылыс алаңдарында күндік жұмысшы болған. Ол соңғы кездері жұмыссыз жүргенін және қылмысты Қазақстанға қайта ұшып кету үшін жасағанын айтқан", – деп жазады басылым.

Ұсталған азаматтың алдағы тағдыры жайлы хабарланған жоқ.