Оқиға 24 тамыз күні кешке Донецкая көшесіндегі үш қабатты үйде болған.
ERNUR.KZ. Қарағандыда 2015 жылы туған қыз бала екінші қабаттың терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп жазады baq.kz.
Оқиға 24 тамыз күні кешке Донецкая көшесіндегі үш қабатты үйде болған. Қыз бала сол сәтте құрбысының үйінде қонақта жүрген.
Зардап шеккен қыз балалар травматологиясына жеткізілген.
Қарағанды қаласында Донецкая көшесіндегі үш қабатты тұрғын үйде қонаққа келген қыз бала (2015 ж.т.) белгісіз жағдайларда екінші қабаттан құлап, түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Оның жағдайы орташа деп бағалануда. Құлау жағдайының мән-жайын полиция қызметкерлері анықтап жатыр, - деп хабарлады Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.