Салдарынан пойыз уақытынан 22 минутқа кешіккен.
фото: Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"
ERNUR.KZ. Бүгін екі пойыз жол апатына түсе жаздады. Екі жағдайда да автокөліктер темір жол үстінде тұрып қалған, деп жазады sputnik.kz.
Өткен тәулікте Тараз және Шымкент бөлімшелері учаскелерінде локомотив автокөлікпен соқтығыса жаздады.
"Бірінші жағдай сағат 06:26-да Тараз - Шу учаскесінде болды. Ақшолақ – Үшбұлақ аралығының теміржол өткелінде электровоз машинисі 55 км/сағ жылдамдықпен Шевроле Кобальт авто көлігіне соқтығыса жаздады. Машинист апатты болдырмау үшін шұғыл тоқтауға мәжбүр болды", - дейді компанияда.
Салдарынан пойыз уақытынан 22 минутқа кешіккен.
Жол ережесін автокөлік жүргізушісі бұзған.
Ал екінші оқиға 15:35-те "Арыс – Түлкібас" учаскесінде болды.
"Шымкент – Қызылсай аралығында 51 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан №2230 пойыз машинисі жеңіл автомобильдің жолға шығуына байланысты шұғыл тежеуді қолданды. Автокөлік жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті. Пойыз уақытынан 16 минутқа кешікті", - дейді Қазақстан темір жолында.
Екі факт бойынша да тергеу жүргізіліп отыр.


