Полиция қызметкерлері өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.
ERNUR.KZ. Көкшетаудағы колледждердің бірінің жатақханасында 16 жастағы студенттің денесі табылды, деп жазады Zakon.kz.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, 2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалған.
"Алдын ала деректерге сәйкес, оқиғада қылмыстық сипат жоқ. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полиция қызметкерлері өзге ақпараттар ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.
Ақмола облысының білім басқармасы ресми хабарлама таратып, 2025 жылғы 31 қазанда Көкшетау қаласындағы жеке Қазақ гуманитарлық-техникалық жоғары колледжінің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студенті қайтыс болғанын растады.
"Белгіленген тәртіпке сай бұл ақпарат дереу полиция мен тиісті органдарға жеткізілді. Қазір оқиға орнында тергеу амалдары жүргізілуде. Алдын ала болжам бойынша, өлімнің себебі – жүрек қызметінің кенеттен тоқтауы", - делінген басқарма хабарламасында.


