"Казцинк" зауытындағы жарылыс: тергеудің алдын ала нәтижесі жарияланды

0
107

Зауыттағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам жасалып отыр.


фото: Пресс-служба ТОО "Казцинк"

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов "Қазцинк" зауытындағы жарылыстың алдын ала себебін жариялады, деп жазады sputnik.kz.
Мамырдың басында "Казцинк" компаниясының Өскемендегі зауытында жойқын жарылыс болды. Төтенше оқиға салдарынан үш адам көз жұмды. Ауыр жарақат алғандар да бар.
"Казцинк зауытындағы жарылыс технологиялық процестің бұзылуы салдарынан болды деген болжам жасалып отыр", - деді Әрінов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің айтуынша, бұған дейін осы объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзу фактілері анықталған. Олар:
техникалық құрылғылардың мерзімін ұзарту сараптамаларының болмауы;
жобалық құжаттамадан ауытқу;
өндірістік бақылаудың әлсіздігі;
тозған жабдықты уақтылы ауыстырмау.
Тергеу аяқталғаннан кейін кәсіпорынға қатысты тиісті шаралар қабылданады.