Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

0
98

Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекенінде жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.


Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің тұрғындары 3 сәуірде Ауғанстан аумағында болған жер сілкінісін сезді, деп жазады tengrinews.kz.

Жер сілкінісі ҚР ТЖМ-ге қарасты "Ұлттық сейсмологиялық зерттеулер және ақпарат ғылыми орталығы" ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі арқылы Астана уақытымен сағат 21:13-те тіркелді.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 853 шақырым жерде орналасқан.

Есептік мәліметтерге сәйкес, Түркістан және Жамбыл облыстарының бірқатар елді мекенінде жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілген.

Атап айтқанда, әлсіз дүмпу Шымкент, Тараз, Түркістан, Мырзакент, Жетісай, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Леңгір, Манкент, Ақсукент, Арыс, Темірлан, Сарыкемер, Меркі, Қаратау, Жаңатас, Кентау, Қордай, Шолаққорған және басқа да елді мекендерде байқалған.

Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.