Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында қалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
ERNUR.KZ. Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларына қатысты. Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде де сумен толық қамтуға қол жеткізілді, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.
Қазақстанның өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында қалаларды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
Бүгінгі таңда қала тұрғындарын қамту деңгейі 99,3%-ды құрайды. Еліміздің 90 қаласының 73-і ауыз сумен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Семей қалаларын қоса алғанда, қалған 17 қалада осы жылдың соңына дейін толық қамтамасыз етіледі.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындарының 97,5%-ы сумен қамтамасыз етілген. Елдің 6148 ауылының 5679-ы суға қол жеткізе алады.
Ауылдардың көпшілігі – 4 420 (94,8%), орталықтандырылған жүйелерге қосылған, ал 999-да (2,6%) кешенді блок-модульдер орнатылған. Қалған 469 ауылда (халқы 164,7 мың адам) орталықтандырылған жүйелерге қосу немесе блок-модульдерді орнату жұмыстары республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүргізілуде.