Қазақстандықтар ресми тіркелмеген смартфондарын дүкенге кері қайтара алады

0
138

Қазір мәжіліс депутаттары верификациядан өтпеген смартфондардың жағдайына қатысты "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға тікелей өзгерістерді қарастыруда.


Қазақстандықтар ресми тіркелмеген смартфондарын дүкенге кері қайтара алады

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Дамир Сейсембеков 25 маусымнан кейін қазақстандықтар сатып алғандарына екі аптадан көп уақыт өтсе де, бұғатталған смартфондарын өткізіп ақшаларын қайтара алатынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Сейсембековтың айтуынша, қазір мәжіліс депутаттары верификациядан өтпеген смартфондардың жағдайына қатысты "тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға тікелей өзгерістерді қарастыруда.

"Егер телефон тіркелмеген болып шықса, оны сатушыға қандай жағдай болмасын еш қысылмай қайтаруға болады. Өздеріңіз білетіндей, бізде тауарды қайтару үшін 14 күндік мерзім бар. Егер құрылғыда айқын зақым болмаса (мысалы, телефон ашылмаған болса) онда оны 25 маусымнан кейін қайтаруға болады",- деп түсіндірді шенеунік.

Комитет төрағасының айтуынша, техниканы сатушылардың көбі жаңа заң туралы біледі. Сонымен қатар, егер сатып алушы әлі тіркелмеген телефонды сатып алса, процедураны сатып алғаннан кейін де жасай алады. Қазір бұл қызмет тегін. Алайда алдағы уақытта ақылы болуы да мүмкін екен.

"Біз осындай шешім қабылдадық. Баж төленгенін растау немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет емес. Бұл азаматтарымыздың ыңғайлылығы үшін және бейімделу кезеңі үшін жасалған шара. Болашақта ережелер қайта қаралып, ақылы рәсім енгізілуі мүмкін. Бірақ бұл туралы қосымша хабарлаймыз", - деді Дамир Сейсембеков.

Еске салсақ, Қазақстанда бір аптадан кейін тіркеуден өтпеген смартфондар бұғатталатынытуралы хабарлаған едік.