Көрме-жәрмеңке аясында келушілерге мыңдаған кітапты тиімді бағамен сатып алуға, жаңа басылымдармен танысуға және әдеби орта өкілдерімен жүздесуге мүмкіндік беріледі.
Түркістанда II TURKISTAN BOOK FAIR – 2026 халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
9–11 желтоқсан күндері Түркістан қаласында Қазақстандағы ең ірі кітап көрме-жәрмеңкелерінің бірі – II TURKISTAN BOOK FAIR – 2026 өтеді.
Үш күнге жалғасатын ауқымды мәдени-әдеби шара кітапсүйер қауымға, баспа саласының өкілдеріне, авторлар мен оқырмандарға арналған. Көрме-жәрмеңке аясында келушілерге мыңдаған кітапты тиімді бағамен сатып алуға, жаңа басылымдармен танысуға және әдеби орта өкілдерімен жүздесуге мүмкіндік беріледі.
Іс-шара барысында кітаптар баспа бағасымен ұсынылып, келушілер үшін арнайы жеңілдіктер, сыйлықтар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылады. Сонымен қатар жаңа жарық көрген эксклюзивті басылымдардың тұсаукесері, танымал авторлармен кездесулер және автограф-сессиялар өткізу жоспарланған.
TURKISTAN BOOK FAIR – 2026 көрме-жәрмеңкесі кітап оқу мәдениетін дамытуға, баспа саласының әлеуетін танытуға және оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған.
Өтетін күні: 9–11 желтоқсан 2026 жыл
Өтетін орны: Түркістан қаласы, «Конгресс-холл» кешені
Кіру: тегін.


