​ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа жылыжайдан жылына 20 тоннадан астам қырыққабат жинайды

0
213

Қосымша 3 гектар жерге жылыжай салу жұмыстарын қолға алған.


​ТҮРКІСТАН: Кентаулық шаруа жылыжайдан жылына 20 тоннадан астам қырыққабат жинайды

Кентаулық шаруа жылыжайдан жылына 20 тоннадан астам қырыққабат жинайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Кентау қаласына қарасты Қарнақ ауылында жылыжай шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соның бірі – «Абдашим» шаруа қожалығы. Кәсібін шағын үй іргелік диқаншылықтан бастаған шаруа иесі бүгінде бір гектар аумақта заманауи үлгідегі жылыжай шаруашылығын жолға қойған.

Кореялық технология негізінде салынған жылыжайда жылына екі рет өнім алынады. Көктем мезгілінде қызанақ пен қияр өсірілсе, күзгі маусымда қырыққабат егіледі. Шаруаның айтуынша, қазіргі таңда жылыжайда тұрақты түрде 10-ға жуық жұмысшы еңбек етеді. Ал өнім жинау науқаны кезінде қосымша жұмыс күші тартылады.

Қазіргі таңда шаруаның жылыжайында күзгі қырыққабат пісіп, гектарынан шамамен 20-25 тонна қырыққабат жинау жоспарлануда. Жиналған өнім Кентау және Түркістан қалаларындағы сауда орындарында саудаланады. Сонымен қатар, кәсіп иесі өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында қосымша 3 гектар жерге жылыжай салу жұмыстарын қолға алған.

Бөлісу