​Түркістан облысында 70 мыңға жуық кітап оқыған, 10 тіл білетін вундеркинд тұрады

0
176

Ол – туа бітті сал ауруына шалдыққанымен, басына түскен қиындықты өмірге деген құштарлықпен жеңіп келеді.


​Түркістан облысында 70 мыңға жуық кітап оқыған, 10 тіл білетін вундеркинд тұрады

Түркістан облысында 70 мыңға жуық кітап оқып, 10 тіл білетін вундеркинд бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Түлкібас ауданының тұрғыны Мейірхан Топанбай 32 жасына дейін 68 мың кітап оқыған. Аудандағы Тастұмсық ауылдық округінде кітапханашы болып жұмыс істейді. Бұдан бөлек, бірнеше тілді меңгерген полиглот, ақын, қолөнерші.

Сонымен қатар, ол - аудармашы, республикалық «Шарапат» шығармашыл жастар байқауының бас жүлдегері. Өмірін кітаппен, біліммен және рухани ізденіспен байланыстырған жігерлі жан. Жан-жақты әрі ізденімпаз. Аударма саласында да өнімді еңбек етіп, бүгінде әртүрлі шығармаларды қазақ тіліне тәржімалау арқылы рухани қазынаның молаюына өз үлесін қосып жүр. Ол – туа бітті сал ауруына шалдыққанымен, басына түскен қиындықты өмірге деген құштарлықпен жеңіп келеді.

Бөлісу