Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды

0
135

Университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды


Қазақстандықтар қырғызстандық университеттен оқудан шығып қалды

Фото: instagram.com/gknb.official

ERNUR.KZ. Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тексерісінен кейін қазақстандықтар қырғызстандық жоғары оқу орнынан оқудан шығарылды, деп жазады tengrinews.kz.

МҰҚК мәліметінше, Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетіне ресми қабылданған бірнеше шетелдік шын мәнінде ел аумағында болмаған және оқуға қатыспаған. Соған қарамастан олардың құжаттары университетте белсенді студенттердің құжаттары ретінде тіркелген.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Комиссия тексерісі бұл жайтты растады. Нәтижесінде университеттен 59 шетелдік студент оқудан шығарылды, оның ішінде:

  • Өзбекстанның 30 азаматы;
  • 20 қазақстандық;
  • 9 ресейлік.

Тергеу жалғасып жатыр.