Қазақстандағы алғашқы АЭС атауына конкурс: дауыс бергендер «тең автор» мәртебесін алады

0
112

​АЭС-тің құрылысы екі жылдан кейін басталатын болды.


Қазақстандағы алғашқы АЭС атауына конкурс: дауыс бергендер «тең автор» мәртебесін алады

Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттігі

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздегі алғашқы атом электр станциясының атауын анықтауға арналған конкурсқа қатысты пікір білдірді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ең басты сыйлық – атауды таңдауға қатысқаныңды сезіну. Жеңімпаз нұсқаға дауыс берген Қазақстан азаматтарының барлығы «тең автор» мәртебесін алып, арнайы сертификатқа ие болады. Әркім балаларына: «Бұл станцияға мен атау бердім» деп мақтанышпен айта алады», – дейді Алмасадам Сәтқалиев.

Ол сөзін жалғай отырып, халықаралық тәжірибе негізіндеАЭС-тің құрылысы кемінде екі жылдан кейін басталатынын айтты.