Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: статистикалық мәліметтер жарияланды

0
134

​Елді 2100 жылға дейін қандай демография күтіп тұр.


Қазақстанда туу көрсеткіші төмендеп барады: статистикалық мәліметтер жарияланды

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда туу көрсеткішінің төмендеуі жалғасуда. Сарапшылардың мәліметінше, туу коэффициенті, яғни 1000 адамға шаққандағы туған балалар саны да күрт азайып келеді. Елде демографиялық құлдырау неліктен болып жатыр және 2100 жылға дейін қандай жағдай қалыптасады? 2025 жылдың бірінші тоқсанында елде 77,3 мың бала дүниеге келген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,8%-ға аз. Бұл соңғы жылдары байқалып келе жатқан теріс үрдістің жалғасы:

  • 2021 жыл – 446,5 мың жаңа туған;
  • 2022 жыл – 403,9 мың;
  • 2023 жыл – 388,4 мың;
  • 2024 жыл – 365,9 мың.

Туу коэффициенті антирекордқа жетті

2025 жылы 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 15,4 болды. Бұл өткен жылғы 18,3 көрсеткіштен де төмен. Салыстыра кетсек:

  • 2020 жыл – 22,8;
  • 2021 жыл – 23,5;
  • 2022 жыл – 20,6;
  • 2023 жыл – 19,5;
  • 2024 жыл – 18,2.

Сарапшылар бұл құбылысты тұрақты демографиялық құлдырау деп сипаттап отыр.

Өңірлер бойынша туу көрсеткіштері

Ең жоғары көрсеткіштер:

  • Маңғыстау облысы – 21,3;
  • Түркістан облысы – 21,3;
  • Шымкент қаласы – 19,7.

Ең төмен көрсеткіштер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 8,5;
  • Қостанай облысы – 9,5;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 9,6.

БҰҰ болжамы: төмендеу 2100 жылға дейін жалғасады

Біріккен Ұлттар Ұйымының болжауынша, туу коэффициентінің төмендеуі 2034 жылға дейін жалғасады, бұл кезде көрсеткіш 17,6 болады. Кейінгі болжамдар мынадай:

  • 2050 жыл – 17;
  • 2060 жыл – 14,9;
  • 2100 жыл – 11,4.

Қорытынды: егер елеулі шаралар қабылданбаса, Қазақстан ауқымды демографиялық дағдарысқа ұшырауы мүмкін.

Неліктен туу көрсеткіші азайып барады?

«Дети Казахстана» порталының деректері бойынша, басты себептер:

  • Экономикалық факторлар: тұрғын үй, білім және медициналық қызметтердің қымбаттауы бала өсіруді қиындатады;
  • Әлеуметтік басымдықтар: жастар карьера мен білімді бірінші орынға қояды, отбасын құруды кейінге қалдырады;
  • Әйел рөлінің өзгеруі: көптеген әйел үшін ана болудан бұрын кәсіби өсу маңызды.

Сауалнама нәтижелері не дейді?

  • 3,9% қазақстандық мүлде бала сүйгісі келмейді;
  • 51,3% – бір баласы бар, бірақ екіншісін жоспарламайды;
  • Тек 10,5% ғана төрт немесе одан да көп бала сүйгісі келеді.

Медициналық себеп: бедеуліктің өсуі

Алаңдатарлық статистика:

  • 2019 жыл – 10 мың әйелде бедеулік диагнозы;
  • 2021 жыл – 16,9 мың;
  • 2024 жылдың алғашқы 6 айы – 29,1 мың;

Ерлер арасында да өсу бар:

  • 2019 жылы – 36 жағдай;
  • 2024 жылы – 102 жағдай.

Алда не күтіп тұр?

Егер қазіргі үрдіс жалғаса берсе, Қазақстан мынандай күрделі мәселелерге тап болады:

  • Еңбек ресурстарының тапшылығы;
  • халықтың жаппай қартаюы;
  • әлеуметтік жүктеменің артуы.

Сарапшылар мемлекетке жан-жақты отбасылық саясат, жас ата-аналарға жеңілдіктер мен репродуктивті денсаулықты қолдауға бағытталған бағдарламалар қажет екенін ескертеді.