Қазақстанда ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

0
114

Ұйымдастырушылар қазақстандықтардың жаппай наразылығына байланысты концертті өткізуден бас тартқан.


Қазақстанда ресейлік әншінің концерті өтпейтін болды

ERNUR.KZ. Ресейлік әнші Полина Гагаринаның концерті Қазақстанда өтпейтін болды, деп жазады ulysmedia.kz.

БАҚ таратқан мәліметке сәйкес, ұйымдастырушылар қазақстандықтардың жаппай наразылығына байланысты концертті өткізуден бас тартқан. Өнер иесі бұл шешімге қатысты әзірге пікір білдірген жоқ.

Әншінің концерті 27 қарашада Астана қаласындағы Конгресс-холлда өтуі тиіс еді. Бұған дейін әлеуметтік желілерде шараны тоқтатуды талап еткен жазбалар көп жарияланған болатын. Наразылардың басты уәжі – Гагаринаның Ресейдегі үгіт-насихаттық шараларға қатысып, әскери агрессияны ашық қолдауы.

Айта кетейік, 2023 жылы да Гагаринаның Алматыда өтуі тиіс болған концерті халықтың қарсылығынан кейін өтпей қалған еді. Ол кезде билеттер сатылымнан алынып, афишалар алынып тасталды. Ұйымдастырушылар түсініктеме беруден бас тартқан.