Туризм және спорт министрлігі жаңа шектеулер белгіледі.
фото: Владислав Воднев
ERNUR.KZ. Туризм және спорт министрлігі спорттық лимиттерді бекітетін бұйрық дайындады, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа шектеулер ойын спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубтарын күтіп-ұстауға бөлінген қаражатқа әсер етеді. Мәселен, футболға 600 мың АЕК немесе 2,5 миллиард теңгеден артық бөлінбейді.
Хоккей командалары үшін қаражат 375 мың АЕК немесе 1,4 млрд теңгеден аспайды.
Басқа ойын спорт түрлері – 120 мың АЕК немесе 471,8 млн теңгеден аспайды.
Ең жоғары айлық жалақы мынандай болады:
бас жаттықтырушы, кеңесші жаттықтырушы, жаттықтырушы, негізгі құрамның спортшысы – 500 АЕК немесе 1,9 млн теңгеден аспайды;
жастар құрамасының спортшысы – 80 АЕК немесе 314,6 мың теңгеден аспайды.