Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін

0
148

АЭС салу мерзімі жобаны іске асыратын компания ұсынатын технологияларға байланысты болады.


Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін

фото: Midjourney

ERNUR.KZ. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Қазақстанда екінші АЭС біріншісіне қарағанда тезірек салынуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп жазады tengrinews.kz.

Вице-премьердің айтуынша, АЭС салу мерзімі жобаны іске асыратын компания ұсынатын технологияларға байланысты болады.

"Барлығы салатын компанияның технологиясына байланысты болады", – деді Роман Скляр журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ, ол үкімет екінші нысанның құрылысын кейінге қалдыруды жоспарламайтынын және екі жобаны қатар дамытуды көздеп отырғанын атап өтті.

"Біз екінші АЭС құрылысын созбауды жоспарлап отырмыз", – деді вице-премьер.

Болашақ станцияның құны әзірге белгісіз. Бұл тек техникалық-экономикалық негіздеме аяқталғаннан кейін белгілі болады.