Қазақстанда бұрынғы министрлер мен әкімдердің шетелге шығуына тыйым салу ұсынылды

0
103

Сарапшы мұндай "мәжбүрлі патриотизмнің" елді дамытуға көмектесе алатынын атап өтті.


Қазақстанда бұрынғы министрлер мен әкімдердің шетелге шығуына тыйым салу ұсынылды

фото:stan.kz.

ERNUR.KZ. Белгілі сарапшы Расул Рысмамбетов мемлекеттік қызметтегі басшылардың өз жұмысына жауапкершілігін арттыру мақсатында лауазымын аяқтағаннан кейін 15 жыл бойы елден шығуына тыйым салуды ұсынды, деп жазады stan.kz.

YouTube желісіндегі Check Point Talk подкастында қаржыгер Расул Рысмамбетов Қазақстанда квазимемлекеттік сектордың топ-менеджерлері мен жоғары мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс сапасын арттыру қажет екенін атап өтті. Сарапшы негізгі мәселелердің бірі – шенеуніктердің Қазақстанда қандай жұмыс атқарғанына қарамастан, елден еркін шығып кете алуы екенін айтты.

"Жаһандану элиталарды бұзды, өйткені мұнда ұрлап алып, елден кетіп қалуға болады. Мен АҚШ-та қызметінен кеткеннен кейін, Дубайда үй салып немесе Швейцарияда тұрып жатқан бірде-бір министрді білмеймін. Бұл элиталардың ел ішінде өмір сүру жүйесін құра алмағанын көрсетеді. Демек, не істеу керек? Мүмкін, мемлекеттік қызметтің топ-менеджерлері үшін елден шығуға 15 жылдық тыйым енгізу қажет шығар", – дейді Рысмамбетов подкастта.

Сарапшының айтуынша, мемлекеттік қызметтегі топ-менеджерлер өздері жасаған жүйе мен ортаның ішінде өмір сүруі керек. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылары Қазақстанда емделуге тиіс, білім министрлігінің өкілдері өз балаларын ел ішінде оқытуы керек, ал әкімдер өздері басқарған қалаларда тұруы қажет.

Сарапшы мұндай "мәжбүрлі патриотизмнің" елді дамытуға көмектесе алатынын атап өтті.