Егер үйдің құрылысы 2025 жылы басталып, нысан 2026 жылы пайдалануға берілсе де, ҚҚС салынбайды.
Фото: gov.kz
ERNUR.KZ. Алайда мұндай жеңілдік тек тұрғын үйге қатысты, құрамында коммерциялық бөлігі бар аралас ғимараттар бұл қатарға кірмейді, деп жазады inbusiness.kz.
Жаңа салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрғын үйге қосылған құн салығын енгізуді қарастырады. Алайда ҚҚС бұрын басталған жобаларға қолданылмайды. Мемлекеттік табыс комитетінің түсіндіруінше, құрылысы 2026 жылға дейін басталған барлық тұрғын үй нысандары ҚҚС-тан толықтай босатылады. Сонымен қатар, сатып алу құқығымен берілетін ұзақ мерзімді жалға алу келісімдері де 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін жасалса, ҚҚС салынбайды.
Сарапшылар ҚҚС енгізілгенімен, тұрғын үй бағасы бірден күрт қымбаттамайды деп отыр.
Жалпы, 2026 жылға дейін басталған тұрғын үй құрылыстары ҚҚС-тен босатылады, ал жаңа жобалар үшін салық енгізілгеннен кейін баға біртіндеп өзгеруі ықтимал.


